Өлеңдер ✍️

  15.08.2022
  475


Автор: Сәуле Досжанова

Аузын ашса жүрегі көрінетін...

Аузын ашса жүрегі көрінетін,
Ақкөңіл, аңғалым едің.
Жан сырымыз өлеңдей өрілетін,
Ақ адал жан-жарым едің.
Тіршіліктің түсірмей еш салмағын,
Қуантып жүргім келетін.
Өміріңнің көшінен кеш қалғанмын,
Көп жайды білгім келетін...
Тағдырыңның тайғақ жолында,
Мақсатқа жетсең ғой дедім.
Ақ құсыңдай қонған қолыңа,
Бақытты етсем ғой дедім.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу