Өлеңдер ✍️

  15.08.2022
  89


Автор: Сәуле Досжанова

БІР ЫНЖЫҚҚА

Үндемей жаба салар шындықтарды,
«Сабырлы» дейтін болдық ынжықтарды.
Айтқанның аузы жаман осындайда,
Кінәлі көргеніне сұмдықтарды.
Басына ит терісін қаптаса да,
Намысын аяққа сап таптаса да.
Тағына бұға түсіп отырады,
Бастығы ар сызығын аттаса да.
Дұрысты «дұрыс қой» деп айта алмайды,
Бұрысты «бұрыс қой» деп қайтармайды.
Солпыйған ез еркектің жүрісінен,
Елді емес, өзін қорғау байқалмайды.
Көрсе де көрмеген боп сұмдықтарды,
Шыңғырған жаны сүймес шындықтарды.
Үндемей басшыларға бас ұратын,
«Сабырлы» дейтін болдық ынжықтарды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу