Өлеңдер ✍️

  15.08.2022
  507


Автор: Сәуле Досжанова

САРБАЗДАР МАРШЫ

Біз сарбазбыз – туған жердің қыраны,
Мына біздер – жігіттердің арланы.
Білекте – күш, жүректе бар намысы
Біз боламыз сұлу қыздар арманы.
Қайырмасы:
Алға, сарбаздар, алға, сарбаздар!
Ержүрек намысты тарландар.
Ел үшін, жер үшін аянбай,
Отанды, халықты қорғаңдар!
Жан беріп, жан алып айқасқан
Қырандай қияда самғаңдар,
Алға сарбаздар, алға, алға сарбаздар!
Отан жалғыз, Ана жалғыз адамда,
Сол қымбатты қорғап өткен бабаң да.
Тыныштығын туған жердің мәңгіге
Аманаттап кеткен маған, саған да.
Қайырмасы:
Алға, сарбаз, бас аяқты адымда,
Жастық жігер, тұлабойда жалында.
Азаттықтың желбіреткен көк туын,
Қазақ елі сенің барың, нарың да.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу