Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
15.08.2022
96
КҮЛЗИПА
Құрт жеп қойса да миды бұл,
Қайғыдан мені емдеме.
Күлзипа – ғұмыр, күй – ғұмыр,
Естілмей қалдың сен неге.
Төгіліп тұрған таңғы нұр,
Күлімдеп тұрған көктемім.
Күлзипа – ғұмыр, ән– ғұмыр,
Ерте үзілгенің неткенің.
Жауқазын бейне жырдағы,
Жоқ болып кеткен бұл шақта.
Жалғыз тал гүлім қырдағы,
Ұрындың қалай бұршаққа.
Сене алмай өлді дегенге,
Жалтақтап жолға жүрдім мен.
Тағдыр дейтұғын кемеңде,
Бомба барлығын кім білген.
Жарылды, сені жоқ қылды,
Жазамын жазы жоқ қырды.
Сен көре алмаған көп күнді,
Сен сүре алмаған көп жылды.
Аманат етіп ап қалдық,
Ащы жас көзден ыршыттық.
Күрзі-қайғыға тапталдық,
Мұң-мұхитына тұншықтық..
Теңгермеуші едім хан қызын,
Айна көл деуші едім көзіңді...
Бала сияқты балдызым,
Сағынды жездең өзіңді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter