Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
15.08.2022
155
ӨМІРГЕ СЫР
Өз жолым бар, сонан соң өз үнім бар,
Тағдырым бар сыр тұнған сезімімде әр.
Ұмтыламын мен саған, ұмтыламын,
Құпияңмен сен менің төзімімді ал.
Болса-дағы мұратым шалғай тарап,
Қоясың сен қандай сын, қандай талап?
Құлатсаң да құзыңнан тұрғызбастай,
Осы әнімді айтамын сан қайталап.
Не тілейсің ақыннан жиырма жасар?
Жастамын мен қаймықпай шыңға басар.
Ез емеспін тау түгіл, қырда адасар,
Мен – қазақпын домбыра, жыр жарасар.
Өз арнамнан, әйтеуір, аспай бақтым,
Бір арманға жасымнан тастай қаттым.
Күнді бетке ап жол тартып бара жатқан
Жыр кешіне ілескен жас тайлақпын.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter