Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
15.08.2022
95
ӨРЕКПІГЕН ӨКПЕК БОЛЫП
Өрекпіген өкпек болып,
Жел аңғардан шықты есіп.
Түнгі аспанда топ-топ болып,
Бара жатыр бұлт көшіп.
Шашыраған отар сынды,
Шөп іздеген нар болар.
Бауыр төсеп жатар шыңды,
Бара ма іздеп әлде олар.
Атқа мінген қоқаңшыл бір,
Тоңазытып түнгі ызғар.
Тұтатқандай шопан шылым,
Жылтыңдайды жұлдыздар.
Сәл бөлінсе нанасың ба? –
Құшақтары дайын-ақ.
Ешкі бұлттар арасында,
Ойнақтайды ай-лақ.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter