Өлеңдер ✍️

  15.08.2022
  275


Автор: Бауыржан Үсенов

ӘСЕЛ

Қайран Әсел, қыз Әсел, Әсел – елес,
Көктем сенің жаныңда әсем емес,
Жатақхана ішіне қамалғанша,
Қызыл-жасыл киін де,
Көшеге көш,
Үлпілдеген көгілдір қаз баласы,
Миығыңнан жымиып
Маздамашы,
Көзіңе бір түсуді арман қылып,
Жөңкіліп жүр қаланың бозбаласы.
Алтынкүрек желінің лебі ме едің
Әлде алтынның өзісің....
Не білемін?
Жанап өтсең жанымнан есім кетіп
Бауырыма ауады менің ерім.
Көкте де емес, жүресің жерде де емес,
Секілдісің ғайыптан келген елес.
Келбетіңді кім сенің өлең қылмас
Қылығыңды кім сенің термелемес.
Абай атам ән қылған –
Әйгерімім,
Шапқылаумен шығардық бәйге шаңын,
Ілияның “Әселін” хормен айтқан
Кетер екен аты озып,
Қай перінің
Талапкер көп,
Болды бұл қиын егес,
Көктем сенің жаныңда бұйым емес,
Жүрегім мен еркімді бердім саған
Жаным Әсел,
Тек менің үйіме көш.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу