14.08.2022
1030
![](/uploads/shorttexts/author_image/photo5429247719580478173[1].jpg)
Бүгінгі күн тамаша
Құтты болсын қадамың,
Бүгінгі күн тамаша.
Мектепке алғаш баруың,
Киімдерің жараса.
Зейінің сенің ашылсын,
Жаратқаным жар болып.
Білім теңіз балапан,
Сусындай түс бар болып.
Қуанышың көп болсын,
Уайымдарың жоқ болып.
Білімді бол балапан,
Пәк көңілің тоқ болып.
1 қыркүйек Білім күні мектеп сабақ шәкірт оқушы Оқушыма тілек оқушыға тілек білім күніне тілек мектепке баратын балаларға тілек
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇