Өлеңдер ✍️

  14.08.2022
  120


Автор: Темірхан Медетбек

Көктайғақ

Көшеңiз де, аулаңыз да көк қайрақ.
Көк қайрағың – жып-жылтыр мұз көктайғақ.
Тiршiлiктi тәй-тәй ғана бастырып
көктайғағың жұртпен осы кеттi «ойнап».
Жатқаннан соң көкпеңбек боп бар жақ та
Түскен-сынды бұл дүние сан-саққа...
Қауiппенен басасың ғой аяқты
жүргендей бiр мина көмген алқапта...
Өзiңдi өзiң әрең ұстап ылдалап,
амалсыздан мың тоқтайсың, мың қарап.
...Алатаудан тайып кетсең
заулап бiр
Жетердейсiң Сарыарқаға сырғанап...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу