Өлеңдер ✍️

  14.08.2022
  86


Автор: Темірхан Медетбек

Теңiз жағасында

Қара тастақ жағада
өлiп жатты шағала.
Арсы-гүрсi долданған
толқындармен алысқан,
аспандағы жөңкiлген
бұлттарменен жарысқан,
жаратылған ағыстан,
өлiп жатты шағала,
қара тастақ жағада.
Өлең-сынды өжет құс
көктi тесiп өттi ғой
дүниенi телегей –
адыранадан атылған
зымыраған жебедей.
Өлең-сынды өжет құс
өлiп жатты, апырым-ай, –
дүниемен бiтiспей
арпалысып,
ақыры
өлiп тынған ақындай.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу