Өлеңдер ✍️

  14.08.2022
  99


Автор: Темірхан Медетбек

Айрақты

Нұрниязға
Айбатын беретұғын айбаттыға,
қайратын беретұғын қайраттыға,
ғажайып ғимарат боп көз арбаған
сен өзiң барып па едiң Айрақтыға?!.
Қарасаң –
көз тоймайтын келбетiне
әлем ол өсiп шыққан жер бетiне.
Түп-тұтас туа қалған –
таң қаласың –
тастардың сән-салтанат сәулетiне!
Қарасаң –
ала-алмайсың жанарыңды-ай!
Осынша Дана ма едi Дала мұндай?!
Тұрады ол көзiңдi арбап
қиялдағы
шах пенен патшалардың сарайындай.
Сұлулық көрем одан –
ән-ғұмырдай.
Сұлулық көрем одан –
таң нұрындай.
Сәулетшi көрген жоқпын дүниеде
Маңғыстау Желi менен Жаңбырындай.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу