Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
14.08.2022
127

Қара адам
Өтiнемiн,
құрысын! –
Оған қарсы аттама!
Тарылатын тынысың
оның жаны қап-қара!
Сұмдық онда жетедi! –
кебiн ұрлар өлiден...
Шарпып-шарпып кетедi
қара жалын демiнен.
Оған,
оған батпады
аруақтың киесi...
Қап-қара еттi мақтаны
Сөздерiнiң күйесi.
Құстар шошып даусынан
Жоқтау еттi көгiмдi...
Күлген кезде
аузынан
күл бұрқырап төгiлдi.
Одан,
одан безiнем,
қорқасың деп даттама.
Жылап едi
көзiнен
Құрт шықты қой қап-қара!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter