Өлеңдер ✍️

  14.08.2022
  97


Автор: Темірхан Медетбек

Әрi-сәрi шақ

Ысып,
қайта тоңдық бiз.
Қоя бердiк,
тап берiп.
Әрi-сәрi болдық бiз.
Әрi-сәрi шақ келiп.
Бiтiп амал,
тiрегi,
қуқыл тартып реңi,
олай дедi бiреуi,
былай дедi бiреуi.
Адам ит боп үредi.
Бұл не сұмдық!
Құрысын!
Қасың бетке күледi,
тоң-терiс боп туысың.
Маужырайсың жантайып,
Су боп кеткен қаныңыз.
Шал боп бала қартайып,
бала болған шалыңыз.
Әңгiменi азайтып
Әрi-сәрi күлемiз.
Әрi-сәрi сөз айтып,
әрi-сәрi жүремiз.
Тұрып қайта,
құлаймыз,
қалғандаймыз ұйысып.
Әрi-сәрi жылаймыз,
Әрi-сәрi сүйiсiп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу