Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
14.08.2022
508
САҒАН БОЛСЫН БАР ЖАҚСЫЛЫҚ
Жұпарың жүрегімді қозғап кетті
Қыс тірлік қапелімде жаз боп кетті.
Шапағатың шертті ме саз боп шекті
Я, Мұхаммəд, саған болсын бар жақсылық.
Парасат, сұлу келбет, сенде қандай
Кəусарыңа жете алмай, шөл де қанбай.
Ұшайын, дүние деген шерде қалмай,
Я, Мұхаммəд, саған болсын бар жақсылық.
Періштелер айналған кұжыраңда,
Мединеңе жете алмай қызығам да.
Алматының батады сызы жанға
Я, Мұхаммəд, саған болсын бар жақсылық
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter