Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
13.08.2022
133
Iшiм менiң алай-дүлей
Iшiм менiң алай-дүлей борасын!
Ағызатын көздiң жасын, сорасын
соғып тұрған қалтыратып жанымды
iшiм менiң алай-дүлей борасын!
Жанды мынау жәбiр сөзден құсалы
қиянаттың мұзы келiп қысады.
Қиқулаған қуанышым
көңiлдiң
мөлтеңдеген көлiн тастап ұшады.
Кеше ғана тамыр салып әрең бiр
өсiп шыққан үсiп кеттi өлең-жыр.
Дiрдек қағып Арманым мен Үмiтiм
қақап тұрған жел өтiнде желең жүр!
Шыдай алмай жаққан күйе-жалаға
сыздап ашып тұр ғой дерттi жара да...
Ұшып жатыр, ұшып жатыр бұрқырап
сағыныштың жапырағы сарыала!
Суығыңды шарпып соғып төзiмге,
түтек боран, безiлдесең безiлде.
Тұла бойым дiрiлдейдi шек құсап
ұлып көкке уiлдеген кезiнде.
Құлап түскен-сынды менiң тiрегiм,
қатып қалған сұп-сұр болып реңiм.
Торғай құсап бүрiседi суықтан
дiр-дiр етiп қалтыраған жүрегiм....
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter