Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
13.08.2022
117
Айлы түнгi ақ қайыңдар
Думан көктем,
базар көктем,
той көктем!
Шарайнадай жарқырайды ай көктен.
Қарсы алдымнан шыға келдi бiр топ боп
ақ қайындар –
осы биыл бойжеткен.
Жаттап алып жатқан-сынды той жырын
айналаға сыңғыр-сыңғыр жайды үнiн.
Желпiп тұрған желге тосып денесiн
сiмiредi аппақ сүттей ай нұрын.
Өлеңiммен, өнерiммен жар салып,
шығып тұрмын алдарынан қарсы алып.
Ақ қайындар,
ақ қайындар,
қайыңдар,
көз жауын ап ырғалады ән салып.
Мамыр болып тербеледi мақпал жыр,
керек емес оларға ендi мақтан құр.
Жел лүп етсе көтерiлiп етегi,
естi алады жарқ ете қап ақ балтыр.
Бұл сезiмiм – сезiм емес өтпелi:
ақ қайыңды тұрған сонау шеткерi –
аппақ жұмыр бiлегiнен ұстап ап
жетектесең –
тұр ғой жүрiп кеткелi...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter