Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
13.08.2022
132
Көктемгi махаббат
Сұлулық боп жар салып
кеткелi тұр бақ гүлдеп.
Көктем жатыр ән салып
га-га галап, гәккулеп.
Нұр сiңiрiп белеңi,
ұйып қалған бар алап.
Екi ғашық келедi
сол көктемдi аралап.
Келе жатыр екеуi
жүздерiнен нұр есiп.
Келе жатыр екеуi
iздерiнен гүл өсiп.
Сол екеуi өткенде –
бiр үн төгiп тербедi –
күйге дерткен шектердей
Жердiң ендiк, белдеуi.
Олар өтсе тұсынан
қонады кеп кеудеге –
жапырақтың ұшынан
тайып түскен сәуле де!
Дiр еткiзiп қияқты
екеуiне бiр қарап –
шықтар жұлдыз сияқты
бара жатар сырғанап.
Махаббатқа арайлы
көктемде осы басталған
мойнын бұрып қарайды
аққулар да аспаннан!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter