Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
13.08.2022
635
ЖЫЛАН МЕН ТЫШҚАН
(мысал)
Бір жылан тышқанды ұнатып қапты,
Оны тек биікте ұстапы, құлатпапты,
Не керек екенін айтқызбапты, сұратпапты,
Әрдайым күлдіріпті, жылатпапты.
Сонда да тышқан жылап қапты.
Сөйтсе, тышқанға аю ұнап қапты.
Тышқанның сөзі:
Жылан жақындаса тоңып қалам,
Ал құшақтаса ше, солып қалам.
Бітті енді жыланнан жалықтым,
Керегі жоқ жылан берген байлықтың,
Мен аюға лайықпын...
Жылан отыр ағаштың қасында асыламын деп,
Шын ғашықпын, қалай оны жасырамын деп,
Біраз ойланды да, толғанды,
Сөйтіп жіпті қоя салды,
Өлімге несіне асығамын деп.
Ақымақ емеспін болмашыға асылатын,
Мен бір байғұс жылан – ғашық, ақын.
Күн туады бұл сезімнің бәрі кетіп,
Тышқанға деген бар ызам басылатын.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter