Әңгімелер ✍️
ОТҚА ЖАНҒАН СУРЕТТЕР
Мен оның сөзіне күлдім де:
– Сен ешуақытта да өлмейсің, ұқтың ба? Өйтуге болмайды! – дедім. Ол да күледі:
– Сіздің бұйрығыңыз сөзсіз орындалады!
Ол үнсіз қалды. Ағып жатқан өзенге мүлде басқа көзбен қарап отырғандай. Қарап отырғанда еш мақсатсыз, былайша айтқанда, бір нәрсені көрейін деп емес, жай ғана қарап отырған сияқты. Сонан кейін бояуларды жинастырды да, қызыл түспен салынған суретін жыртып тастады. Менің жыртқан қағазымның қиқымдарын да жиып алып, от қойды.
Біздің суреттеріміз лап етті де, жоқ болды, біз болсақ үйге қарай жеңіл аяңдап келеміз, қыл қалам мен бояулар менің қалтама-ақ сыйып кеткен.
Мен қазір бір түрлі өкінетін сияқтымын... Біздің салған суреттеріміздің сонау тау басында бір шөкім ғана күл болып қалғаны, ал қыс өтіп қар еріген кезде, сол күлдің де мүлде жоғалатыны біртүрлі өкінішті сияқты. Күлді су ағызады да, өзенге апарып құяды... Сөйтіп, біздің суреттерімізден ештеңе де қалмайды... Неге? Неге біз оларды өртеп жібердік, неге мен суреттерімді сол кезда жинап алмадым?
Атам кішкентай радиоқабылдағыш сатып алды. Біз қайда барсақ та, оны қолымыздан тастамайтынбыз. Егер шындығын айтсам, бұл дүние маған ұнап та жүрген жоқ. Өйткені, біз көңіліміз шапқан кезде үнсіз отырып, құстардың қалай сайрағанын, өзеннің қалай сарқырағанын тыңдай алатын едік, ал қазір қабылдағышта үнемі музыка ойнайды да тұрады, бірақ оны атам жаратпаса керек, үнемі ренішпен радионың тетіктерін бұрап басқа толқындарды іздейді, егер соңғы хабарды тауып алса, аз-кем тынышталады да, тағы да бұрай бастайды. Мен оның мінезінің неге бұлай өзгергеніне түсіне алмай далмын. Бірде біз көшеде келе жатқан кезде радиодан әйел даусы былай деді:
«Григорий Иванович Самойлов 1941 жылы Харьков қаласынан эвакуацияланған және қаладан жүз жиырма шақырым шыға бергенде, эшелон бомбыланған уақытта хабар-ошарсыз кеткен қызы Надежданы іздейді... Нина Петровна Серегина бауырлары мен қарындастарын және немерелес бауырлары мен немерлес сіңлілерін немесе соғысқа дейін Смоленск қаласы, Киров көшесі, № 5 үйде тұрған апайы Антонина Степановна Серегинаны іздейді...»
Атам тоқтай қалды да, қабылдағышты бетіне тақап, сол қабылдағыштың ішіндегі әлденені көргісі келгендей оған үңіле қарады.
Хабар аяқталды, ол сағатына және радиоға, сонан кейін айналасына бір қарап алды да, өзі-өзіне келгендей болды.
– Саған не болды? – деп сұраймын мен.
– Әлгі бір, – деп сасқалақтай жауап берді де, үнсіз қалды. Ол асыға аяңдап келеді. Мен оның қолынан тартып көріп едім, шошып қалғандай менің бетіме жалт қарады да, күрсініп жіберді. Жүйкесі сәл босағандай. Содан кейін ғана ол жүрісін баяулатып, өзінің бір қалыпты аяңын тапты.
– Мына бір жайды, – дейді атам, – ойлай беремін, ойлай беремін. Соғыстан кейін қанша жыл етті, ал адамдар бір-бірін іздеумен келеді. Іздей береді, іздей береді, тауып та жатады.
Ол менің бетіме қарады да, әлгі сөзін қайталады.
– Тауып жатады, Антошка! Мені ұғып тұрсың ба? Ұқпайтын несі бар? Мен басымды изедім. Сөйттім де:
— Сен бір түрлі қызық боп кеттің? Өзің байқамайсың ба? – дедім.
– Қызық дейсің бе? – ол таңданды, – Неліктен?
— Хат жазасың да, – деймін мен, – келген жауаптарды жыртып тастайсың.
Радиоқабылдағышты қолыңнан тастамайсың. Сен бұрын мұндай емес едің.
Атам күлді, бірақ күлкісі табиғи шықпады.
— Сен нағыз барлаушысың, – деді ол. – Барлығын байқап, барлығын көргішсің.
— Неге көрмеске? – дедім мен күліп. – Сен болсаң менің жалғыз атамсың ғой. Екеу болсаңдар сөз басқа. Бар болғаны біреу ғанасың. Сондықтан да мен саған қараймын, басқа кімге қарауым керек?
Атам мені иығымнан құшақтады да, көзіме қарады.
— Ал сен, Аңтоха, өсіп келесің, – дейді ол. – Тіпті көз алдымда өсіп келесің.
Ол мені бокстай жөнелді. Көшенің қақ ортасында мен де тұра қалып, оның жұдырығына жауап бере бастадым.
— Уақыт өтіп барады, – дейді ол тағы да мені құшақтап жатып, мен онымен келіскендей басымды изеймін. – Уақыт өтіп барады, – сөзін тағы қайталады. – Біреудің шаңқай түсі ауып бара жатса, енді біреу үшін түн ортасы болды. Сондықтан да асығу керек?
Мен тағы да бас изедім.
— Асығу керек, асығу керек! – деді ол қызулана сөйлеп, сөйтті де тағы бір пікірін қосты: – Әйтпеген күнде!..
Әйтпеген күнде... не болады? Мен соңынан ойландым. Әрине асығу керек, әр уақытта бар дүниеге асығу керек. Әйтпесе, маңызды бір іс тындыруға үлгірмей қалуың, немесе өткізіп алуың мүмкін. Болмаса қисыны келіп тұрған істің қиюын кетіріп алар, немесе анау Москвадағы сияқты үнсіз қалар кез де болады. Содан кейін өкінерің анық. Ащы өкініш. Мен анау қызыл көйлекті баламен достасуым да мүмкін еді ғой, ал шын мәнінде оның алдында беделімді төгіп алдым. Барлығына да нем кетті, марғау қараппын.
Бір кездерде шалбарының жылтыр түймелері бар сол бір баламен кездесетін күн болар ма екен? Өзімнің ол ойлағандай емес екенімді дәлелдей алар ма екенмін?
Атам шын айтады – асығу керек, Асығу керек, қателеспеу керек.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter