Өлеңдер ✍️

  12.08.2022
  268


Автор: Болат Жетекбай

Ілкі сәт

Санамда ой жоқ, сарқылып қалды,
Сезімдер кеуіп, бу болып ұшты.
Жалыны сөніп, жан тынышталды,
Қанымды қызыл түн келіп ішті.


Ғайып боп барам, тән де жоқ менде,
Ғарыштың терең түбіне сүңгіп;
Жарықсыз, бозғыл сәуледей бейне,
Жармасқандаймын толқынға ырғып.
Толқынға ырғып жармасқандаймын,
Тамшыдай сәуле түспей ме көзге?!
Ақылдан өстіп алжасқандаймын,
Түндерді сенсіз өткізген кезде.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу