Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
12.08.2022
145

Өмір - өрім
Өмір өзгереді,
Бәрін көз көреді.
Өзің өгей қалар
Кезің тез келеді.
Алдан бақ шығады,
Көңіл аптығады.
Бірақ... қайғы бақты
Қараң қаптырады.
Танып ақ-қараны,
Тағлым жатталады.
Жылдар жылыстайды,
Досың жат болады.
Тағдыр сырт қарайды,
Ойды бұлт қамайды,
...Ажал ауыз салса,
Бойды құрт талайды.
Тоқтар шеру кенет,
Оған – өлім себеп.
Артта – жас өмір бар,
Орын беру керек!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇