Өлеңдер ✍️

  12.08.2022
  109


Автор: Болат Жетекбай

Бір мұңым

Төбелестім, таяқ жедім, жығылдым,
Тас атқанға тұра қалып тас аттым.
Бітпейтұғын дау-шарға кеп ұрындым,
Жеңілістен басқа бірақ не таптым?!
Жеті атасын сыбап салдым қызумен
Талай-талай менменсіген төреңнің.
Ызаландым ызғар есіп жүзімнен,
Шеттеткеннен басқа жұрттан не көрдім?!
Шындық үшін өз әлімше күрестім,
Топқа кірдім тағат тауып, толғанбай.
Содырлардың кеу-кеуіне ілестім...
Содан енді пайда қылдым мен қандай?!
Батырлықтың ақ алмасын суырып,
Басын алмақ болдым тіпті мыңыңның...
Әділетсіз дүниеден түңіліп,
Ақырында жырға келіп жүгіндім.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу