Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
12.08.2022
101
Оңашада
Оңаша қалсаң, ойға да керек тыныштық,
Ондайда өмір жаныңа жақын, тым ыстық.
Күйбеңшіл келіншек күттірмей келмес қасыңа,
Күйген тағамның жағымды исі күңірсіп.
Қиялмен құшып, тәтті елестерге тоймайсың,
Қиял да жетпес тұңғиықтарға бойлайсың.
Періштесімен ойнаған сәби ұйқыда
Шалықтай күлсе, «Пейіште жүр» деп ойлайсың.
Рахатқа батып, балбырап, денең босайды,
Кірлеген көңіл терезесін сонда не шайды?!
Таң шұғыласын таратар едің маңайға,
Томырық түннің талайдан бергі, о, шайыры!
Күлімдеп жатып көзіңнің жасын бір бұлар,
Осындай сәтке жаным да менің тым құмар.
Көзіңнен ұшқан күміс сәуледен сескеніп,
Серпілер түнге сейіліп қашып мұң-мұнар.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter