Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
12.08.2022
131

Көңіл жұбату
«Бір жанға екі күймек әділет пе?!»
(Абай)
Тозағынан қорықпа о дүниенің,
«Алады, - деп қамықпа, - мені де өлім».
Күймедің бе отына тағдырыңның,
Аз болды ма түңіліп, жерігенің?!
Жылап келіп, ақыры жылап бітер,
Ғұмырыңды құм қылып уатты шер.
Бір тозақтан тастамас екіншіге,
Бізді күтсе, ол жақта жұмақ күтер!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇