Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
12.08.2022
117
Өмірге сауал
Сауалым саған, кемді-күн, мазасыз өмір:
Өз құлың – өксік тағдырдың жарасы жеңіл.
Сен айтшы маған, Адам мен Хауадан бері
Өзіңде ғұмыр кешті ме наласыз көңіл?
Айықпас азап артылса күнәдан жанға,
Алладан қандай шапағат жылағандарға?
Пайғамбар, әулие, пір өтті... пақырлар өтті...
Жақсыдан ғана енші алған бір адам бар ма?!
Шырылдатсаң да шыдайды пенде-көнбісің,
Он сегіз мың сан ғаламға теңдесер күшің...
Ақырет күні – алыста,
Анығын сен айт:
Ақырда жеңер ажал ма, әлде сенбісің?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter