Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
12.08.2022
115

Аңғырт көңіл – асау жүрек түрткісі...
Аңғырт көңіл – асау жүрек түрткісі,
Тебер қанды, келер тәнді жыртқысы...
Жарға соғып, жанға шөгіп наласы,
Жол кесілер, желге сіңер ырық күші.
Нәпсі-желік – тағат, сабыр жебірі,
Небір құйтың, итің-итің көрігі.
Талмай жиған, Арға құйған абырой
Шашылды да... басылды ма солығы?!
«Тәуба» деді, Тәңірі төкті мейірін,
Қашты қайғы,
ашты серуен-сейілін.
...Құр көкірек, бір текірек тірлікке
Қайта барды,
шайтан алды пейілін.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇