Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
11.08.2022
244
Басыңа байлар бақ туы ем
Басыңа байлар бақ туы ем,
Көкшенің кербез көлдері.
Аспан тау жақтың аққуы ем,
Айдынға қондыр сен менің!
Басынан бұлты ауып өт,
Көкшенің кербез көлдері.
Ақанның Көкшетауы деп,
Сәкеннің Көкшетауы деп.
Сері мен салдың жұрттары,
Тасының бөлек бітісі.
Мамырлап ұшқан бұлттары,
Үкілі бабам үкісі.
Келгеннің жанатын бағы,
Тауының бөлек өркеші.
Аққудың қанатындағы,
Гәккудей әннің еркесі.
Ұлы бір жұрттан бата алған,
Өрекпіп өлең өмірім.
Көкшетаудағы сапардан,
Көгеріп қайтты көңілім.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter