Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
11.08.2022
99
Бішкек. Домино-Рио мейрамханасы
Керуен күн кемерімен көшіне әлек,
Сырымды ақтарайын досыма кеп.
Өзіңе жету үшін мына өмірдің
Деп қалдым бір асуы осы ма деп.
«Түп атасы түгел сөз» бөлекте еді,
Қырғыз, қазақ бір туған демеп пе еді?!
Қырғыз достың аңқылдақ ақ көңілі
Аппақ қардай жауып тұр біз өткелі.
Бішкек біткен өз қалам, ауылым деп
Арғымағым жеткізген сауырында от.
Дархан дала перзенті асыл едің,
Төріңнен орын бердің бауырым деп.
Дәстүріңнің төріне қиялайын,
Шораңды әкеп алдыма құй, ағайын!
Жаныма жарық жақты мына қала,
Мейрамхана «Домино Риодайын».
Ызғар ұрып жатса да қыс кеп тегі,
Ырың мен жырым болды құс көктегі.
Жарығы жанарымда қалып қойған
Күндер-ай білте шамдай Бішкектегі...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter