Өлеңдер ✍️

  11.08.2022
  142


Автор: Мақпал Мыса

Қарлығаш

 


Бұл өмірдің бізге берген сыйы де,


Құлақ салып келді ме екен күйіме.


Босағамда бақыт барын білген-ау,


Қос қарлығаш ұя салды үйіме.


Қуанышым қойыныма сыя ма?


Әсем құсым ұшып жүрген қияда.


Көкжиекте күлімдеді күн көзі,


Балапандар көзін ашты ұяда.


Бәрі, бәрі жүз сүрінсек, жүз күліп,


Бала, бала, ертең үшін бізге үміт.


Жер-дүиені шыр айналып анасы


Балапанға жем тосады үздігіп.


Жанымызға жарық берген жыл құсы,


Жаратқанның мұнда бар-ау бір күші...


Ұясында шиқылдаса балапан,


Сыңғырлайды үйде сәби күлкісі.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу