Өлеңдер ✍️

  11.08.2022
  133


Автор: Балта Қосбармақ

Төлеген айбергеновке

Бұл қазақта
Батыр да өткен табанға жауын таптаған,
Ақын да өткен дар алдында тілін тартпаған.
Домбыра, қобыз шектерін бебеу қақтырып,
Құдіретімен аққу қондырған ақ бабам!
Бұл қазақта
Талайлар өткен із қалдыра алмай артында,
Махамбет өткен
Қараңғы түнгі найзағай сынды жалтылдап.
Абай да өткен, Қасым да өткен жарқылдап,
Қандай оп-оңай айтуға?!
Соларды туған бұл қазақ
Тағы да лаулап жанбас па?!
Сені де туды ұқсатып асыл алмасқа.
Қысқа өмір-көште қиқулап өткен беу, аға,
Сендей-ақ болар қазақтың
Бір жігіті нарқасқа!
1978 жыл.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу