10.08.2022
  358


Қанатбек ПОШАТАЙҰЛЫ

ХАЗІРЕТ БАБА АМАНАТЫ

Қазақ сахарасы даналарға, ғұламалар мен батырларға, халық қадір тұтқан әулиелерге қашанда кенде болмаған. Елдің жүрегінен орын алған қасиетті қастер тұтар есімдер жыл өткен сайын жаңғыра түседі. Оның үстіне енді бұрын іздеп, жоғын түгендеп жатқан тұста халық қамын ойлаған ардақтылардың орны бөлек.
Бабалардың тағылымды істері ұрпағына қай уақытта да өнеге, ал жас ұрпақ соның қадір-қасиетіне жете білсе, одан асқан парыз бен борыш болмаса керек. Ұрпақ сабақтастығы деген осы.
ХХІ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басында өмір сүріп, бұрынғы өткен бабалардың әділет, адамгершілік, елдік дәстүрін жалғастырып, келер ұрпаққа аманат етіп жеткізген, ел арасында медресе ашып, бала оқытып (қазіргі Төле би ауданы, Кеңсарлық ауылында), емдік кітаптар, жұлдызнама, зикзал – нұрлы өрнектер сынды құнды дүниелер жазып, қыр зұламасы атанған Бекасыл Биболатұлы (1822-1915) туралы алғаш рет атақты ақын Қазанғап Байболұлы қалам тербеді. Бұл ойымызды Қазанғап өзінің атақты «Төле би тарихы» дастанында растай түседі.
Таусылмас көп сыр естідім, Адамнан үш жүздің
Тере берсең табылар Әділ кісі болған соң, Жүрек аңсап, сағынар. Сөз жәрдемін көрсеткен, Теріп айтсам мыналар.
Біріншісі Бекасыл,
Тоқсан үш жаста жөнеді. Қоқандағы хандардың, Төртеуін көрдім деп еді.

БүгіндеБекасылдыңөзіжазғанбірғанақолжазбасы табылып, «Жұлдызнама» деген атпен жарық көрді. Оның атақты Мәшһүр Жүсіп Көпейұлымен сырлас болғандығы туралы құнды мәліметтер де белгілі бола бастады. Біз баба ғұмырының соңғы сәттеріне байланысты аталардан жеткен сөзін алғаш рет сіздерге ұсынып отырмыз.
- Алатаудың ақбас бөктерін қар жапқанға да біршама уақыт болып қалды-ау, – деп Бекасыл хазрет алты қанат ақ киіз үйдің жанына шығып, жан-жағына қимастықпен қарады.
Таң атып келеді. Намаз уақыты жақын. Таңғы ұйқы малды да, малшыны да құшағына алған. Маужыраған тыныштық. Алыстан қарауытып көрінген зәулім аршалардың бейнесі бар сұлулықты паш етеді. Еңіске қарасаң бүкіл төс елі алақанда тұрғандай. Жер беті қуаң тартқан.
– Қыстауға көшпесек болмас, – деп ойлады Бекасыл хазрет. Оның үстіне ауру да күннен-күнге меңдеп барады. Бар қорегім жент пен биенің сүті ғана. Соған да шүкіршілік. Қарттықты жазатын дәріні алла адамға мінәсер етпепті, – деп тоңазыған денесін құндыз ішігімен қымтанып үйге қарай жүрді. Тағы да төңіректі бір шолып, ақ ордасына кірді.
Ертеңгі дастархан үстінде өз ойын балаларына айтуға бекінді. Жанұясы түгел жиналған кезде – Қарақтарым, мені мұқият тыңдаңдар. Бүгін сейсенбі, алдағы жексенбі күні көшеміз. Жайлаудың оты сілемейленіп әрі қуаң тартты. Менің де жағдайым болмай тұр. Анау Данай балаларына да айтыңдар! Қыстаудың маңайы тұнып тұрған бетегі, раң, жабайы, жоңышқаны жеп мал қоңына қоң қоссын.

– Жәке, – деп, сөз алды ұлы Батажан. Айтқаныңыз орынды. Келесі қыстауға дейін ондағы үйлердің есік- терезесін жөндейік, сылап-сипап ретке келтірейік – деді (Бекасыл зазретті бүкіл ауыл «Молжәкем» деп атайды, ал балалары «Жәке» дейді).
«Жайлаудағыкөршілесқоныстанушылар«Молжәкем» қыстауға бет түзепті, сендер де қамданыңдар! Бір ауыртпалықтың таянғанын сезген болар. Қыс ерте түсетін сияқты, таудың басын қар шалды ғой» деп, ел етек-жеңін жинастырып көш қамына кірісті.
Қыстауға келгелі бір айға жуықтады. Өзінің денсаулығының күннен-күнге төмендеп бара жатқанын сезген Бекасыл зазірет ағасы Бишымырдың балаларын, Қарасорадан Байшымырдың балаларын шақыртып, өз балаларымен немерелері түгел жайғасқан кезде:
– О, менің асыл інілерім, сүйікті немерелерім, көзіме тіке қарап отырып тыңдаңдар, көз көру нүктесі қайда кетсе, ақыл да сонда кетеді. Сөз құлаққа қонбайды. Бұрынғылар айтады екен, екі көзбір-біріне жау, мұрын болмаса бірін-бірі жеп қоюға бар деп. Менің жасым келді. Бірлікті сақтаңдар, жұмыла жұдырық болсаңдар жау да, дау да алмайды.
Өткендерге көз жіберсек сандаған оқиғалар ойға оралып, көңіл тізбегінен өтеді. Сендердің де бабалар тарихынан хабардар болғандарың жөн. Мұқым қазақтың алтын бесігі – Оңтүстік өңірі болған. Біздің бабаларымыз Ташкент аймағында сандаған жылдардан бері жасап келді. Атақты Төле би өмірден өткен соң билікті қолына алған Шайхантауыр ұрпағы Жүніс қожа бұл өңірдегі қазақтарға, әсіресе Дулаттарға тыныштық бермеді. Қоқандықтар да елге ауыр зардаптар әкелді. Содан ығысқан біздің Мырзакелді атамыз Тұрбатқа

келіп қоныстанды. Олардың жаз жайлауы «Анда өлген», «Қарақыз», «Сусіңген» көкорай шалғынды тамаша Өгем таулары болды. Тұрбатқа жақын жерде Мырзакелді құдығы деген жер де болатын. Мырзакелдінің бір баласы Сарыбатыр атамыздан Биболат, Сапақ, Сұлтанай, Нұрақ, Құттыаяқ, Шамат, Орақ, Жомарт, Жамбай деген тоғыз бала өрбейді.
Биболат менің әкем төс еліне белгілі қадірменді адам болған. Қоқан хандығы әкеме пансат атағын беріп, елге басшы қылыпты.
Абылай ханның жұрағаттары Қасым төре мен балалары Есенкелді мен Саржандарға көмек қылдың, мініске жылқы бердің деп қудалап ақыры ажалына сол қоқандықтар жетіпті. Бұл кезде Қарамұрт медіресе- мешіттері көп іргелі қыстаққа айналған. Біздер де осында тұрдық, медреседен сауат аштық. Үлкендердің айтуынша әкеміз Биболат жасынан алғыр, сөзге шешен, құранға сауатты болған екен. Қоқандықтар жұртқа сөзі өтімді Биболатты өз жақтарына тартып, қазақты қазаққа айдап салып сырттан бақылап отыруды мансұқтаған. Заман ағымын, қоқандықтар зәбірін аңлаған әкесіз Абылай хан жұрағаттарымен бірігу керектігін түсінген. Қоқандықтардың жан төзгісіз жазасы «қадаға отырғызу», «қыз салығы», «түтін», «зекет» т.б. салық түрлері елді езіп жүнжітіп жіберді.Бұл тұста әкесміз Биболат Есенкелді, Саржандармен сөз байласып, олардың жинаған жасақтарына мініске ат, ішергеастық астыртын жөнелтіп отырған. Осыған разы болған Есенкелді мен Санжар Биболатқа Абылай ханның мөрі басылған «Шатырхат» жазып табыстайды (Ол хат 1930 жылдың қазан айына дейін Бекасылдың ағасы Бишымырдың баласы (қырғыз қызының) Бошатай

имамның сандығында сақталып келген еді. Үлкен өрт шығып, қоңсы отырған бірнеше киіз үймен қоса Бошатайдың да алты қанат ақ үйдегі хат та өртеніп кеткен. Ол өрт болған Сайрамсу аңғарының үлкен бір саласы Шұқырсай беткейіндегі қонысты осы күнге дейін «Күйген жұрт» деп атайды, – дейді Бошатайұлы Қанатбек).
Пансат Биболат істерін арадағы жансыздар Қоқандықтардың уақытша ордасы болған Ордабасындағы билеушілеріне жеткізіп тұрған екен. Қоқан ханының қолшоқпарлары әкемізді ашық жазалауға қорқып, жымысқы – құйтырқы әрекетке барады. Өйткені оның өзі басқарып отырған елінде беделі жоғары болатын. Ашынған халық көтеріліп кете ме деп қауіптеніп, астыртын адамдар дайындап, Самарқаннан «Алмас» уын алдыртады. «Ол уды шыны құтыға салып, аузын балауыздап арнайы құмыраның ішінде ұстап, алып жүреді» дейтін бұрынғы көнекөз қарттар.
Міне, сол уды Биболаттың қарагер атының сол үзеңгілесіне (мінер жағы) жағады. Биболат әкем содан үйіне жете мазасызданып, көп кешікпей ауыр қиналысен өмірмен қоштасады.
Әкемнің үшінші інісі Сабота (шежіреде Сұлтанай) тұз керуенін тартатын, аға қазасынп қайырған ол әкелген тұзына бірнәрсе жасай ма деп, қашан оны таратқанша, тұздың қасында жатып жүреді. Көп ұзамай Саботаны тұзбен бастырып өлтіреді. Айжарым өтпей белгісіз себептермен бесінші інісі Шәкі де (Шежіреде Шамат) қайтыс болады.
Міне, осындай зұлымдықтардан есеңгіреген ел Биболаттың екінші інісі Сапақтың бастауымен

Алатауды бетке алып Сайрамсу, Қасқасу, Қарасора өзендерін түйіскен жерге түйелерін шөгереді. Бұл жер атам заманнан Қарасора аталады. Сол қасиетті қоныстағы алғашқы мешіттің жанына мені қоярсыңдар
– деп Бекасыл алысқа көз тіге ойға шомды. Бірер уақыттан соң әңгімесін қайта жалғады.
– Ел еркесі едім. Қайда барсам да асулы қазан, сапырулы сары қымыз саптаяқта тұрушы еді. Халқыма қызмет еттім. Алла солай жаратқан болуы керек. Ренжісіп келген кісіні жарастыру, оларды табыстыру парызым болды.
Аз-кем тыныстап алып:
– Менің уақытым келген сияқты. Егер көзім жұмылып кетсе не істерлеріңді білмей абдырап қалуларың хақ. Бекасыл хазірет жалған дүниеден қайтты десе, төс елінің жақсылары мен жайсаңдары түгел аза тұтып келеді. Түркістандықтардың жері шалғай болғандықтан қимас жақындары келер. Ал сыр бойындағы Қоңыраттар осында болады – деген кезде ортаншы баласы Бөртекей (Мұсақұл):
– Жәке, мұныңыз не? Бізді қорқытып, – деп жылап келіп, әкесінің төсіне басын қойды. Үйлі-баранды есейген адамның жылағаны ерсі көрінгенімен ешкім ешнәрсе дей қоймады.
Әлсіз дене ауыртпалыққа шыдамай үстін-үстін ауыр дем алып, қалжырап қалды...
– Мені риза қылып аттандырам десеңдер айтқанымды бұлжытпай орындаңдар! Бірінші мені өзімнің әйеліме жуғызыңдар. Менің әбүйірімді ешкім көруге рұқсат етілмеген. Мені жууға тиісті ағайындарға жолын жасай беріңдер. Бозжан осы істі саған тапсырамын! Екінші менің жаназамды Құланаян Құлмамбет ақын оқысын.

Ол ақын Керегетаста қызының үйінде жатқан көрінеді. Құдай айдап келген шығар. Маған кіріп-шыққандардан есіттім. Үшінші, он алты киіз үй тігілсін, көп те емес, аз да емес. Бұл шаруаны Батажан (Ыбырайым) сен қолыңа ал! Қырық күн бойы үйден шықпаңдар! – деп ірге жаққа басын бұрып үнсыз қалды.
Алатау байрауына қарақұрым халық сыймай кетті. Қазан айының жаймашуақ күні нұр төгіп тұрды. Жұрт жаназаға тұрған кезде тоқымдай бұлттан жаңбыр себелеп өтті.
Соңғы шешімді Құланаян Құлмамбет айтты.
– Бұл кісі аса білімдар, Алла артық жаратқан жан еді. Бар білімін елдің елдігі мен бірлігін сақтауға жұмсаған жан. Барын жетімдер мен жесірлерге жаратқан абызымыз еді, оны түйеге артпай зікір сала көтеріп, Биболаттың үлкен ұлы мен ортаншы баласы жерленген үш өзен қосылған тұстағы Қарасора (Қарасары – мұрағат материалында солай айтылады) қорымына қойыңдар деген өз өсиеті бойынша жол бойы зікірді тоқтатпай алып жүріңдер! – деді.
Қазан айы болса да абзал хазіретті сыйлаған халық аттылы-жаяу Сайрамсу өзенінен кешіп өтіп, Қарасора қорымына жетті. Жанбасы жерге жеткенше зікір тоқтамады.
Дәл осылай Бекасыл хазірет жер қойнауына беріліп еді, – деп айтып отыратын сүйікті шәкірті Бошатай қария.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу