10.08.2022
  373


Қанатбек ПОШАТАЙҰЛЫ

САХАРА ҒҰЛАМАСЫ

 


1953 жылы мектеп жанындағы дауыс күшейткіштен Сталиннің өлгені туралы хабарлап жатты. Есіткен ауыл арасының көпшілігі жылап: «Енді күніміз не болады?» - деп қайғырғанын көзімізбен көрдік. Сабақ болмады, үйге қайттық. Әкеме келіп: «Ата, Сталин қайтыс болыпты» - дедім. Ол кісі миығынан күлді де:
«Жаз бастала салысымен мешіт саламын, ауыл жұртын намазға жүгіндіремін», деді. Менің «неге күлдіңіз», деген сұрағыма: «Абай жолы» романы шыққанда М.Әуезовке «Алтын жұлдызды» сый-сыяпат жасап жатқанда:
Сәбит Мұқанов: Абайды Абай еткен Мұхтар, Мұхтарды Мұхтар еткен Абай- деген екен кемеңгер жазушы.
Демек, мен де Бекасылдың ең сүйікті шәкірті, әрі інісі болғандықтан, бабаның жолын қуып сол кісі жүрген жолмен жүруді алдыма мақсат еттім-деді. «Төс елі» - деп бұрын Төле би ауданын атаған. Төс елінің ауру-сырқауы, аяқ қолы сынғаны, күйдіргі кеселге ұшырағаны, сом жарасы шыққаны, мұрнына самал түскені, сүндеттеуі, тазы, мерез ауыруына шалдыққаны атама келіп емделетін немесе кеңес алатын. Осының бәрін Бекасыл бабамнан оқып үйреніп, халқына қызмет етті. Бекасыл бабамнан алған тәлім-тәрбиесі сол, мешітке түскен, сүндеттегеннен түскен сый-сияпатар мен қаражаттарды жетім-жесірге, кембағалдарға бөліп беретін. Кездейсоқ молырақ қаражат түссе, өзендерге көпір салдыратын. Үйімізге бір тиын кірсе, оның арты екі есе тиынмен аяқталатын.
– Әлі есімде: – «Атам атқа жем іле сал», - деген соң қаптағы бидайдан бір дорба бидай алып атқа ілгем, таңертең қорадағы қойдың екеуі арам өліпті. Сөйтсем  бидай пітірге түскен бидай екен. Әкем, Бекасыл бабамды «Молжәкем» деп аузынан тастамайтын. Ал Молжәкесі шәкірті Пошатайды - Бозжан дейді екен. Бекасыл әулие сақал мұртын апта сайын бейсенбі күні тек атама бастырады екен. Бір күні кезекті тазалық жасалғаннан кейін: Жәке, жұлдызнамадан қарап маған пал ашып беріңізші,- деп өтініш жасайды әкем.
– Бекасыл әулие қолжазбасына ұзақ қарап отырады да, әкем Пошатайға бұрылып, сенің ұрпағың біреу не екеу болады, - дейді. Әкем Пошатайдың үйелмелі- сүйелмелі төрт баласы бар екен. Түрімнің бұзылып кеткенін байқады ма, Әбжат есебін шығара бастады да, бола сала, «Кейінгі жағың ақар-шақар болады»,-деп әңгімесін түйіндеді.
Молжәкем нағыз Әулие ғой айтқаны айнымай келеді,
-деп отыратын еді, әкем жарықтық.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу