Өлеңдер ✍️

  10.08.2022
  87


Автор: Ғалым Әріп

Серпіліссіз, бұғып жүрген күндерім...

Серпіліссіз, бұғып жүрген күндерім


Менің іштей тынып жүрген күндерім.
Тымырсимын күзгі бұлттай түнеріп,
Қалғандайын өлеңсіз құр сүлдерім.
Оған қарап сөнді деп, дос, ойлама,
Жалын атқан жүрегіммен ойнама!
Жанарымда жарқылдайды от-ұшқын,
Келгенім жоқ бұл өмірге жәй ғана!
Ортасынан ауып кеткен түн-жарым,
Естімейсің десе де ақын мұң-зарын:
Азабы да, рахаты да жетерлік


Мен өзімнің ғұмырыма ырзамын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу