Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
10.08.2022
131
Жаны ізгі жандарға жаным асық...
Жаны ізгі жандарға жаным асық,
Жарқын жүздің бәріне жаным ғашық.
Жағаң жайлау жүргенге не жетеді,
Жаз көңілді жандармен жақындасып.
Мерейің де өседі осындайда,
Өмір бір-ақ берілер, осыны ойла.
Жуып кетсе жаныңа бауырыңдай –
Жылу құяр жүректен досың бойға.
Сыйласқанға не жетсін, міне, осылай,
Қатқанша іште шер-шемен сыр ашылмай.
Менің өзім сүйем кей жігіттерді
Жырға қосып Ғамзатов Расулдай!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter