Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
10.08.2022
141
Қан
Шығардай боп бойда шыбын жанымыз,
«Қазақ!» десе қайнаса ғой қанымыз!
Қазақ десе, қабырғамыз қайысса,
Қаншыл болсақ, аршыл болсақ бәріміз
Қашық жүрер бұл даладан жауыңыз!
Ер басына күн туатын келсе күн,
Кімге артады үміті мен ел сенім?
Жатар үйде қансыз қаннен-қаперсіз,
Қара дауыл шарпыса да жер бетін,
Қалса, мейлі, айдын шалқар көл жетім.
Ағат болар айтар сөзді айтпаған,
Ақиқатты ашу жағын арт маған,
Асыл халқым, жаның күймей тұра ма,
Көрсең қазақ өз қанына тартпаған.
Жетегінде жүретұғын өзгенің,
Жымысқының құртса қандай көздерін.
Қазақ десе, қаным шапшып кетеді,
Қансыздардың қылығына төзбедім,
Қанжар-жырмен тілгілеуді көздедім..
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter