Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
10.08.2022
124
Жөнеліп кеттің асығыс
(Ізбасар Шыртановтың рухына)
Шын сүйген жанға көңілмен,
Бақилық десең сенер кім.
Маңғыстау сенің көгіңнен
Бір жұлдызы ақты өнердің.
Достарың жүдеп, күрсініп,
Сенделді жандай сең соққан.
Тұла бой кетті түршігіп,
Қатыгез бе едің, желтоқсан?
Сап болып көңіл тасығыш,
Замандас тартты зарыңды.
Жөнеліп кеттің асығыс,
Сағындың ба екен жарыңды?
Алшекең айтқан әлқисса,
Аяғы сен боп түзіліп,
Жеріне жетпей, тым қысқа
Қалғандай болды үзіліп.
Құлазып менің көңілім,
Жанарда тұнып жас қалды.
Өлмейтін, аға, өмірің
Ойласам енді басталды.
Өнерде биік өркеші
Тұлға едің бөлек тау сын-ды.
Елімнің менің еркесі,
Сағынамыз-ау даусыңды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter