Өлеңдер ✍️

  10.08.2022
  115


Автор: Рза Оңғарбай

Көктем өзі ерітті де ақ қарды...

Көктем өзі ерітті де ақ қарды,
Алып келді щұғылалы шақтарды.
Жеңіл болсын жер ананың толғағы,
Дегендей-ақ аспан түбін ақтарды.
Тұла бойы тазарғандай су сіңіп,
Жер анамыз жатыр дел-сал, исініп.
Жасаруға, жаңғыруға осы бір
Аспан өзі қарап тұрды сүйсініп.
Жаның үшін жаңбыр еді бір емің,
Қайран далам, жайна, жаса, дүрегін.
Бір ғажайып ақ жаңбырды осындай,
Аңсайды ылғи менің іңкәр жүрегім.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу