Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
10.08.2022
131
Үндемедің, дым демедің...
«Сүйемін»,-деп едім –үндемедің,
«Күйемін»,-деп едім –дым демедің.
«Байлыққа иемін»,- деп едім,
Гүлдегенің...
«Батырмын»,-деп едім – үндемедің,
«Ақынмын»,-деп едім – дым демедің.
«Мықтыларға жақынмын»,-деп едім,
Гүлденгенің...
«Өмірдің өттім тезінен»,-деп едім,
Үндемедің.
«Бақытты сен деп сезінем»,- деп едім,
Дым демедің.
«Сен үшін бәрінен безінем»,-деп едім,
Гүлдегенің...
Таң қылып: тілегің болайын» дедіңҮндей алмадым.
«Мәңгілік жібегің болайын» дедің,
Дым дей алмадым.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter