Өлеңдер ✍️
Жетібайдың дөңінде
Жетібайдың дөңінде тұрақ тепкен,
Алаулаған көп еді шырақ неткен.
Алқаракөк аспаның сияқтанар,
Мың жұлдызбен сол дөңге құлап кеткен.
Қиындықтан қаймықпас жеккілі ме ең?
Мұнайшыдай көрмедім тектіні мен.
Сенің қолың әйтеуір тиген жерден,
Ырыс ытқыр алапат екпінімен.
Жер астында мол байлық сығымдалып,
Жатырғанын қанша жыл ұғыңбадық.
Ей, мұнайшы маңғаз ұл –жетібайлық,
Саған айтар алғысын бүгін халық.
Жетібайға тірелер жолдарым да,
Ие болған ұлы көп мол дарынға.
Береке бар, ырыс бар мұнайшының,
Күс-күс болған күрзідей қолдарында.
Ердің ісі еңбекпен үдейтіндей,
Жайың бар ма жабығып жүдейтіндей.
Кірбің салса көңілге бір көлеңке,
Деп ойлама өмірді кілең күнгей.
Бабам айтқан бір тілек «септесің»-деп,
Мол да болса ысырап етпесін»-деп.
Тістегеннің аузында қайран байлық,
Ұстағанның қолында кетпесін тек.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter