Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
10.08.2022
159
Ауыл мен қала
Қалалықпыз, қарапайым пендеміз,
Бірде бар да, бірде таңқы кендеміз.
Бір оттыққа сөз айтқанда көрші әйел,
Еске түсті ауылдағы жеңгеміз.
Көршімізбен бір мереке тойладым,
Ас жеткесін «бата қыл»- деп қоймадым.
Қысылғанда қу шұнақ шал дым таппай,
Ауылдағы абыз қартты ойладым.
Бұл қаланың күндізі не, кеші не,
Машина – өзен ағылады есіле.
Сол нөпірге қарап тұрып кенеттен,
Отар-отар қойлар түсті есіме.
Келмесе де құбыжыққа бағынғың,
Түнгі қала сәулесіндей лағылдың.
Сол бір кеште жайлаудағы малшы үйдің,
Жалпылдаған жалғыз отын сағындым.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter