Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
10.08.2022
107
Бөліп қойып «жақсы» мен «жамандарға»...
Бөліп қойып «жақсы» мен «жамандарға»,
Баға берем кей кезде адамдарға.
-Адам деген табиғат туындысы –
Оны өзгертер, шырағым, шамаң бар ма?
Білгішсініп кетті деп табалама,
«Жаман іні» бар екен «жаман аға».
Бұл адамды заманның желі айдайды,
Кім тосқауыл қоя алар заманаға.
Ой өрекпіп өмірді қылады арна,
Өресіздер оныңды ұға алар ма?
Шыңырауға ой деген құлап кетіп,
Жетпей қойды дәрменім шыға аларға.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter