Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
10.08.2022
131

АБЫЛ, ШОТАН ЕР ДОСАН – ҮШ АСҚАРЫМ*
Үш ақсұңқар, киелі үш қыраным.
Шырқап салар мәртебе үш жыр-әнім.
Үш тұлпарым, үш тарлан, үш пырағым,
Мәңгі сөнбес үш жұлдыз, үш шырағым.
Қайырмасы:
Тауға біткен шынардай,
Бір-біріңе сыңардай.
Ардақтылар.
Елдігімді шырқадым,
Ерлігіңді ұрпағың,
Жалғастырар.
Азат елміз, арылған ғайбаттардан,
Тауым биік, далам кең айбаттанған.
Абыл, Шотан, ер Досан – үш асқарым,
Рухынан ұрпағы қайраттанған.
Қайырмасы.
Терезе тең, десек те кереге кең,
Үш шежіре, үш қайнар – дерек екен.
Асыруға, япыр-ай, айбыныңды,
Өздеріндей алыптар керек екен.
Қайырмасы.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇