Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
09.08.2022
121
ТАҢҒЫ ЖАҢБЫР
Барлық асқар мәртебеден биік бұл,
Құба таңмен Алла нұрын құйып тұр.
Бүкіл дала дыбысына жаңбырдың,
Қалған дерсің құлақ салып, ұйып бір.
Айқайымен оятатын жұртты әйгі,
Әдеттегі әтеш дауысы шықпайды.
Осы сәтте бетке алатын өрісті,
Мал да бүгін, қораны үнсіз ықтайды.
Құлақ тосып, дыбыстарды сан бақтым,
Неге екенін... бәрі тыныш жан-жақтың.
Бұл не деген үнсіздіктер жайлаған?
Мен отырмын алғаш көріп таң қап тым.
Осы бір таң ой салғандай терең дөп,
Жайымды ұғып, жүрген жан жоқ, елең боп.
Көкжиектен осы бір таң атқалы,
Бейне бір мен қалғандаймын керең боп.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter