Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
09.08.2022
207
ҰҚСАЙМЫН МЕН ҒАШЫҚ БОЛЫП ҚАЛҒАНҒА
Қою қасың, тұнып тұрған көзіңді,
Өзіңді мен шын сүйемін асылым,
Саған деген буырқанған сезімді,
Ұстай алар емеспін-ау жасырын.
Сүйем сені, сүйем сені қымбаттым,
Ұлы сезім тәттірек-ау балдан да.
Алаулаған махаббатпен үн қаттым,
Сенен асқан жан жоқ сірә жалғанда.
...Бір шешейік тылсымын бұл жұмбақтың,
Ұқсаймын мен ғашық болып қалғанға...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter