Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
09.08.2022
116
Сіз – Күнсіз!
Сіз – Күнсіз!
Нұр шашып тұратын үнемі,
Мен – Аймын,
Мекенім мүлгіген түн еді...
Сіз – Отсыз,
Лапылдап жанасыз сезімдей,
Мен – сумын,
Сөндірем барлығын көзге ілмей.
Аспансыз –
Ашпаған әлемге сырын бір.
Мен – Жермін,
Болашақ тағдыры бұлыңғыр.
Қараңыз!
Сіз – басқа, Мен-басқа. Бөлекпіз.
Дегенмен,
Сіз маған ауадай керексіз!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter