Өлеңдер ✍️

  09.08.2022
  109


Автор: Сандуғаш ШОРТАНОВА

Суытып кетті күн бүгін...

Суытып кетті күн бүгін,
Сунып кеттік біз дағы.
Тылсым мұң түріп түңлігін,
Тоңдырды жанды ызғары.
Күн тұман бүгін. Онсыз да,
Бұлыңғыр еді арамыз.
Түсіп ап біздер жолсызға,
Бір жаққа кетіп барамыз.
Жаз күтіп едім сағаттап,
Одан да бұрын күз келді.
Суытып тағы таң атпақ,
Суынып кеттік біз де енді...
Өкінішті-ақ...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу