Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
09.08.2022
93
САҒЫНЫШ
Жыл өтті қанша жабығып,
Күн өтті қанша қамығып,
Бейдауа мынау өмірде,
Отырмын тағы сағынып!
Арамыз біздің тым алыс,
Тым алыс, жоқ қой жұбаныш.
Сағыныш сыйлап жаныма,
Өзіңмен кетті қуаныш.
Шаңырақ басқа, шәр басқа.
Сүйгенің басқа, жар басқа.
Қию қашқан өмірде,
Қоштаспағанда болмас па?
Бақыт құсым-ау қонбаған,
Жанымды бір мұң торлаған.
Шын ғашық болған мен шығар,
Жер бетіндегі соңғы адам...
Ақтарысалмай жан сырды,
Қоспастай тағдыр тарсынды.
...Сағыныш болып қаларсың,
Сарғайып атқан таң сынды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter