Өлеңдер ✍️

  09.08.2022
  236


Автор: Фархад МҰСАЕВ

Сұлу қыздың көрсем-дағы не бірін...

Сұлу қыздың көрсем-дағы не бірін,
Бұрын бұлай билемеген мені мұң.
Талай қызға көз тастамай кетсем де,
Абайсызда саған ауды көңілім.
Қыз Жібектей қылықтана күлгесін,
Өле жаздап, шыға жаздап тұрды есім,
Амалым не қоштасуға бел будым,
Төлегенің бар екенін білгесін.
Сол сәттерді мұңға батып ойланам,
Кемедеймін терең суға бойлаған.
Қандай қиын өмір атты фильмде,
Бекежанның ролінде ойнаған.
Ұзап кеттің, сыйладың да маған мұң,
Сені қалай тез ұмыта алармын?
Әлі сенен үміттімін сонда да,
Өйткені мен шайтан емес адаммын.
Тау жолықпай таумен ғана өтеді,
Тағдыр жазса бақыт іздеп жетеді
Жолығармыз кім біледі біз мүмкін?!
Рас болса Жер дөңгелек екені.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу