Өлеңдер ✍️

  09.08.2022
  151


Автор: Айгүл Талысова

СЕЗІМІМДІ ҚАЙТЕЙІН

Сезімімді қайтейін қарыштаған?
Үмітімді үкілі жаныштаған.
Енді, міне, өкініш өзегімде –
Сен менен сияқтысың алыстаған.
Минуттан секундтардан қалыспаған,
Қайтейін сезімімді қарыштаған?
Шынымен, жан арманым, сеземісің
Сен менен сияқтысың алыстаған.
Мен неге алыспағам, алыспағам
Сезіммен күннен күнге қарыштаған.
Япыр-ау, бақыт емес, жақұт емес,
Сен менен жан екенсің алыстаған.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу