Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
09.08.2022
149
Ардақтым, анашым-ау...
Ардақтым, анашым-ау,
Мен үшін дарасың-ау!
Балам деп батпақ кешіп,
Отқа да жанасың-ау!
Аман ба, керім аймақ,
Ылайым сенім айғақ.
Елеңдеп жүр ме екенсің,
Ауылда мені ойлап.
Жансың-ау жаны нұрлы,
Маған ақ арың үлгі.
Ана боп мен де ұғындым,
Өзіңнің қадіріңді.
Жүргенде жаның аман,
Жыр-моншақ тағына алам.
Бақыттың базарында
Шалқи бер, жаным, анам!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter